Құлсарыда екі мыңға жуық тұрғынға өтемақы төленді
Құлсарыда тасқыннан зардап шеккен екі мыңға жуық тұрғын баспанасын қалпына келтіру үшін өтемақы алды. Оның ішінде 996 азаматқа баспана сатып алу үшін қаражат берілген. Жалпы, Құлсарыда 2500-ден астам адам, өтемақы алу үшін келісімге қол қойған. Тасқыннан зардап шеккен тұрғындар үшін салынып жатқан 100 үйдің құрылысы, екі айда аяқталады.
Ескендір Ізмағамбетов, Құлсары қаласының тұрғыны:
3 күннен кейін ақшасы түсті. Ремонтымызды бастадық, үйіміз жөндеуден өтіп жатыр. Енді әр жамандықтың артында бір жақсылық бар дейді ғой. Жақсылығы көрініп жатыр. Енді қанша дегенмен суға кетіп абдырап қалдық.
Ал, Махамбет ауданында шаруа қожалықтарын су басқан азаматтардан өтініш қабылдау басталды. Ол үшін арнайы комиссия құрылған. Тасқын кезінде ауданда 100-ге жуық шаруашылық зардап шекті. Бүлінген жолдар да жөнделіп жатыр. Қазір, Сарайшық ауылының тұсындағы күре жол/ қалпына келтіріліп жатыр.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17