Президент Мұрат Әуезовтің отбасына көңіл айтты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, мемлекет қайраткері, көрнекті жазушы Мұрат Әуезовтің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Мұрат Мұхтарұлы, ұлт руханиятының алға басуына, қазақ ғылымының көкжиегін кеңейтуге бар саналы ғұмырын арнаған зиялы, парасатты тұлға еді. Қазақ әдебиеті мен мәдениетін, тарихын терең зерделеп, соңына өлшеусіз мол мұра қалдырды. Ғибратты ғұмыр кешіп, кемел де кемеңгер әке жолын лайықты жалғаған Мұрат Мұхтарұлының жарқын бейнесі мен қадірлі есімі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын.
Айта кетейік, кеше шығыстанушы ғалым Мұрат Әуезов 81 жасында өмірден өтті. Ол 1943 жылы Жамбыл облысы Меркі ауданында дүниеге келген. 1989 жылы Семей полигонын жабу миссиясына белсенді араласып, басы-қасында болған. 200-ден астам ғылыми-танымдық еңбектің авторы. Марқұмның есімі Мұхтар Әуезовтің ұлы ғана емес, көрнекті жазушы, мәдениеттанушы, дипломат, қоғам қайраткері ретінде тарихта қалды.
Динара Жарқынбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні
01.05.2026, 20:41
Татулық пен бірлікті дәріптеген ауыл
01.05.2026, 20:39
Жол сапасын цифрлық платформа қадағалайды
01.05.2026, 20:38
1 мамыр мерекесінде ондаған миллион жолаушы сапарға аттанды
01.05.2026, 20:36
500-ге жуық түрлі этнос өкілі бір мезетте өнер көрсетті
01.05.2026, 20:34
«Қазақстан - бірлік мекені» атты мәдениет фестивалі өтті
01.05.2026, 20:32
Әлемде миллиондаған адам Еңбек күнін атап өтіп жатыр
01.05.2026, 20:30
Семейде достық фестивалі өтті
01.05.2026, 20:30