Басты Жаңалықтар Отандық телевизия және жарнама нарығының мәселелері талқыланды

Отандық телевизия және жарнама нарығының мәселелері талқыланды

Алматыда еліміздің медиа-нарығының 120 өкілі бас қосты. Дәстүрлі түрде өтетін жиынға телеарна басшылары мен жарнама агенттік өкілдері қатысты. Бұл жолы Ұлттық медиа қауымдастықтың конференциясында қаузалған негізгі тақырып: «Телевизия және жарнама нарығының өзекті мәселелері мен даму жолдары» хақында болды. Күн сайын қарқынды дамып жатқан техникалық мүмкіндіктердің арқасында телеарналар әлеуметтік желі, диджитал платформалармен, тіпті, түрік, кәріс, Ресей өндірушілерімен де бәсекеге түсетіні жасырын емес. Осы ретте, отандық телевизияның салмағы басым дейді, - медиа басшылар.

Ләззат Танысбай, «Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма төрайымы:

Соңғы мынау су тасқыны болсын, жер сілкінісі кезінде болсын, кез-келген қиындық сәтінде көлемді үлкен телевизиялық аудитория, біздің қазақстандықтар дәстүрлі медиаға сенетіні белгілі. Мұны соңғы зерттеулер де дәлелдейді. Мысалы қазақстандықтардың 59, яғни 60 пайызы бәрібір де отандық телеарнаның контентіне сенім білдіреді екен. Өйткені телеарналардың мүмкіндігі де көбірек, олардың беріп жатқан контентінің де сапасы басқа деңгейде. Сондықтан да біз бүгінгі күннің талаптарына жауап бере аламыз. 


Бөлісу