Түркістан облысы Шардара ауданында егіс алқаптарын шегіртке отады
Түркістан облысында шегіртке Шардара ауданында мақта алқаптарын тып типыл еткен.
Бозтоғай ауылында зиянкестерге қарсы дәрі себілгенімен, әлі таусылар емес. Шаруалар өздері арнайы құрылғылар алып, дәрілеп те жатыр. Ал Көксу ауылында морокко шегірткесі мақта алқаптарын отап үлгерген. Сарыағаш ауданының Әлімтау ауылдық округінде зиянкестерден бидай еккен шаруалар зардап шекті.
Ержігіт Әбен, Әлімтау ауылының тұрғыны:
Шегірткені дәрілеген. Кішкентай ұшпайтын кезде дәріледі. Оған өліп жатқан жоқ. Дәрілеген жердің нәтижесін көрген жоқпын. Өзім дәрілеген жердің нәтижесін көрдім, 10-15 минутта өліп қалды. Бірақ жаңағыдай дәрілеген жердің нәтижесін көрген жоқпын.
Ал жауаптылар болса бүгінге дейін 260 мың гектардан астам алқап өңделіп, дәріленгенін айтады. Тұрғындармен кездескен Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров шаруалардың шығыны өтелетінін, тиісті жұмыстың атқарылып жатқанын жеткізді.
Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:
Бүгінгі күні 860 мың гектар жерге дәрі септік. Керек препараттар барлығы алынды. Техникаларымыз дайын.
Айнұр Ақбаева
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Каспий теңізі мен Жайық өзенінің экологиялық мәселелері талқыланды
05.06.2026, 20:56
5 маусым - Экологтар күні
05.06.2026, 20:54
Солтүстікте агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері талқыланды
05.06.2026, 20:52
«Ауыл» партиясы мен «Ардагерлер ұйымы» ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
05.06.2026, 20:50
Әскердегі жасанды интеллект: Болашақ сарбазы қандай болады?
05.06.2026, 20:47
Қазақстанға әйгілі Du Soleil циркі келді
05.06.2026, 20:44
«Хезболла» тобы ымыраны қолдамады
05.06.2026, 20:10
Эболадан қаза тапқандар саны 60-қа жетті
05.06.2026, 20:09