Су тасқыны кезінде бүлінген жолдарды жөндеуге қосымша қаражат бөлінбейді
Су тасқыны кезінде бүлінген жолдарды жөндеуге қосымша қаражат бөлінбейді. Көлік министірлігі жыл басында ел аумағындағы жолдарды күтіп ұстауға бағытталған ақша есебінен қалпына келтіріледі деп отыр. Тасқын судың салдарынан республикалық жолдың 33 шақырымы жарамсыз күйге түсіп, 4 көпір бүлінген. Шығын көлемі 8 млрд теңге. Сондай-ақ, Көлік министрі Марат Қарабаев 12 мың шақырым жолдың құрылысы биыл аяқталатынын жеткізді. Оған қоса, Түркістан мен Жамбыл облыстарын жалғайтын «Шақпақ баба» асуындағы жерасты өткелі мен еліміздегі ең ұзын Бұқтырма көпірі қолданысқа беріледі.
Марат Қарабаев, ҚР Көлік министрі:
Біздің жаңа ұсынып отырған механизм бар. Осы жолдардың құрылысын бақылауға, «халықтық бақылау» деп отырмыз. Сол жердегі әр жолдың бойындағы қоғам белсенділері, осы саладағы білімі бар кісілердің баршасы қосылып соның сапасын бірге қарайық. Әрине бізде сапасын қарайтын өзімізде де техникалық бақылау бар, жобалық бақылау бар. Одан кейін арнайы ұйым бар, соны бақылайтын. Одан басқа, біз халықты да бақылауға шақырамыз.
Тәуірбек Бозекен
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 35 мемлекеттің қатарына енді
10.10.2026, 14:32
«Әділет» партиясы Алматыдағы жаңа экологиялық бастамаларды қолдады
09.10.2026, 22:15
Әлеуметтік қолдаудың жаңа мүмкіндіктері
09.10.2026, 21:30
Президент Каспий маңы елдерінің ғылыми әлеуетін біріктіруге шақырды
09.10.2026, 20:35
Театр көрермені көбейіп келеді
09.10.2026, 20:25
Қос марапат – ұлттық мәдениетті ұлықтаудың жаңа белесі
09.10.2026, 20:20
Орталық Азиядағы алғашқы кітап оқу марафоны
09.10.2026, 20:19
Әр азамат елдік мәселелерді талқылауға үлес қоса алады
09.10.2026, 20:18