Жетісайлық шаруалар мақтаның ақшасын ала алмай жүр
Түркістан облысының Жетісай ауданында шаруалар сегіз айдан бері зауыттарға өткізген мақталарының ақшасын ала алмай келеді. Ал ақ алтынды қабылдап алған зауыт қожайындары есіктерін тарс жауып, жұртпен сөйлесуден қалған. Төзімі түгесілген шаруалар енді мақта зауыттарының есігін торуылдап әлек. Қаражаттан қысылғандар мақтаны қарыз алып егуге мәжбүр.
Құттыбай Әбдіқасымұлы, шаруа:
Береміз келесі апта, осы апта. Солай 7-8 ай болды. Әкімшілікке де барды, аудандық әкімшілікке де бардық. Шешіп береміз деді бұл мәселені. Бірақ әлі күнге дейін шешусіз. Тек уәдемен келе жатыр.
Арыстан Сарыбаев, шаруа:
60 рет бардым, ақша жоқ. Мына егетін егісті әркімнен қарыз алып, егіп отырмыз. Сол қарыздарды төлеу керек. Ол адамдар есіктің алдына діңкілдеп келіп жатыр. Ешқандай шара жоқ.
Жерглікті билік бұл мәселеден хабардар. Айтуларынша, жыл басынан бері мақта зауыттарынан шаруаларға 3,5 млрд теңгеге жуық қарыз қайтарылған. Десе де тиесілі ақшасын ала алмай жүргендер әлі де бар.
Тұрышбек Елшібаев, Жетісай ауданы әкімінің орынбасары:
Оны біз «Қайнар» зауытының басшыларына айттық, олар уәде берген болатын. Егер бермеген жағдай болса, біз сот арқылы, сотқа өтініш түсіріп, өндіріп береміз.
Айнұр Әбілқасымқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні
01.05.2026, 20:41
Татулық пен бірлікті дәріптеген ауыл
01.05.2026, 20:39
Жол сапасын цифрлық платформа қадағалайды
01.05.2026, 20:38
1 мамыр мерекесінде ондаған миллион жолаушы сапарға аттанды
01.05.2026, 20:36
500-ге жуық түрлі этнос өкілі бір мезетте өнер көрсетті
01.05.2026, 20:34
«Қазақстан - бірлік мекені» атты мәдениет фестивалі өтті
01.05.2026, 20:32
Әлемде миллиондаған адам Еңбек күнін атап өтіп жатыр
01.05.2026, 20:30
Семейде достық фестивалі өтті
01.05.2026, 20:30