«Химиялық қоспасыз сусын»: Астанада ғылыми жобалар таныстырылды
Химиялық қоспасыз жасалған сусын. Астанада ғылыми жобалар таныстырылған шарада Бағай Назарбайұлы өзінің осындай өнімін ұсынды. Сусын бал мен өсімдік шөптерінен жасалған. Ғалым бұл өнімнің денсаулыққа пайдасын ғылыми тұрғыда зерттеуге 2 жылдай уақыт кеткенін айтады. Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен өткен шарада жалпы 10 ғылыми жоба таныстырылды. Олар демеуші тапқан жағдайда 350 миллион теңгеге дейін гранттық байқауға қатысуға мүмкіндік алады.
Бағай Назарбайұлы, ғылыми жоба ұсынушы:
Энергетикалық сусындармен салыстырғанда бұл табиғи таза өнім. Емдік-профилактикалық пайдасы бар. Ал күнделікті пайдаланып жүрген энергетикалық сусындардың барлығы денсаулыққа кері әсерін береді.
Ринат Елшібеков, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің басқарма басшысы:
Бизнес пен ғылымды байланыстыру. Ғылым және экономика, соны іске асыру үшін осындай шаралар ұйымдастырамыз. Болашақта ғылыми хакатон өткізу жоспарлануда. Ол мысалы, үлкен «Қазақмыс» сынды корпорациялармен кездестіріп, соларға корпорациялар өздерінің проблемаларын айтып, ғалымдар шешу жолын айту үшін.
Самал Қабышева
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары – 2026»: Ел намысын 11 команда қорғайды
24.07.2026, 20:36
Тұңғыш драматург жайлы алғашқы жинақ шықты
24.07.2026, 20:34
Әскери дайындыққа арналған жаңа оқулықтар жарық көрді
24.07.2026, 20:31
Қызылорда облысының Шиелі ауданында жастар саябақты тазалап, игі іске жұмыла атсалысты
24.07.2026, 20:27
Алматы жетекші гастрономиялық орталықтардың біріне айналды
24.07.2026, 20:25
Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадалардан 1 059 медаль жеңіп алды
24.07.2026, 20:22
Алматыда жалпықалалық бос орындар жәрмеңкесі өтті
24.07.2026, 20:19
Ресейде қор нарығы құлдырап, бағалы қағаздар құнсызданды
24.07.2026, 20:19