Петропавлда тасқыннан кейін жөндеуге жарамсыз деп танылған үйлер сүріліп жатыр
Петропавлда тасқыннан кейін жөндеуге жарамсыз деп танылған үйлер сүріліп жатыр.
Алдын ала есеп бойынша тек облыс орталығында 1600-ге жуық үй бұзылады. Бұл жұмысқа механикалық бригадалар тартылған. Ал қирандының орнына ағаш отырғызылады. Қалалық әкімдік өкілдерінің айтуынша, су басқан аймақта жаңадан құрылыс саулға тыйым салынады.
Юлия Федорук, Петропавл қаласының тұрғыны:
13 сәуір күні үйімізді толықтай су басып қалды. Орнына пәтер алуға өтініш бердік. Құжаттары рәсімделіп жатыр. Бұл шаңырақта атам мен әжем, ата-анам тұрған. Мен осы үйде тудым. Сондықтан қимастық бар.
Бірінші кезекте орнына баспана алған азаматтардың үйлері сүріліп жатыр. Ал тұруға жарамдылары жөнделеді.
Әсем Айтолла, Петропавл қалалық әкімдігінің баспасөз хатшысы:
60-қа жақын үй сүрілді. Бұл жұмыстар әлі де жалғасуда. Одан бөлек, қала тұрғындары пәтерлер алып жатыр. «Солнечный», «Бірлік» ықшам ауданында жаңа үйлер алып жатыр. Жұманың соңына дейін тағы да 47 үй тұрғындарға берілетін болады.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08
Шетелдіктер Бельгияда қазақша үйреніп жүр
05.09.2026, 20:08
Ұлт ұстазының еңбектері Түркияда да зерттеліп жатыр
05.09.2026, 20:08
Курчатовта қуаты 700 МВт болатын электр стансасы салынады
05.09.2026, 20:07
Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін артты
05.09.2026, 20:06
Қайырымдылық күніне орай мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді
05.09.2026, 20:04