Жоңғар Алатауы ұлттық табиғи паркінің аумағында сенбілік өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жоңғар Алатауы ұлттық табиғи паркінің аумағында сенбілік өтті

11.06.2024

«Таза Қазақстан»  жалпыреспубликалық акциясы аясында Жетісу облысындағы Жоңғар Алатауы ұлттық табиғи паркінің аумағында ауқымды сенбілік өтті. Парк қызметкерлері Сарқан және Басқан өзендерінің жағалауын қоқыстан тазартып маңайындағы ағаштарды әктеп зиянкестерден залалсыздандырды.

Ұлттық парк аумағын күл-қоқыстан тазартуға 200-ге жуық адам атсалысты. Табиғат жанашырларынан бөлек аудан тұрғындары, мекеме ұжымдары белсенділік танытып, қос өзеннің жағасын жинастырды. Аудан өнерпаздары ән жырдан шашу шашып, көңілдерін көтеріп, демеу жасады.

Меруерт Сүлейменова, «Жоңғар алатауы» МҰТП бөлім басшысы:

 Сарқан ауданында өзіміздің тұқымбақ бар. Сол тұқымбақтардан алып Сарқан ауданының жастар паркінің аумағында әкімшілік ғимараттардың ауласында одан кейін мектептердің аулаларында 70-80 мың түп ағаш көшеттерін отырғыздық.

«Таза Қазақстан» жалпыреспубликалық акциясы аясында Жетісу облысында 300-ге жуық іс-шара ұйымдастырылды. Өңірді тазарту жұмыстарына 115 мың адам, мыңға жуық техника жұмылдырылды. Саялы Сарқан ауданының жұртшылығы да ауқымды акциядан қалыс қалмады.

  Алмас Байғонысов, Сарқан ауданы әкімінің орынбасары:

40-қа жуық іс-шара өтті. Сенбіліктер сәрсенбіліктер тазалық акциялары, 9 мыңға жуық халық өз үлестерін қосты. 40-тан астам техника жұмыс атқарды. 74 мың жасыл желектер егілді.

Жыл соңына дейін өңірде 65 мың түп көшет отырғызылмақ. Басымдық қылқан жапырақты ағаштарға берілмек.

Қуаныш Қанатұлы


Хабарламаларға жазылу