Қостанай облысының Амангелді және Жангелдин аудандарында шегіртке қаптаған
Түркістан және Қостанай облыстарында шегіртке дес бермей тұр. Қостанай облысының оңтүстігіндегі Амангелді және Жангелдин аудандарында үйірлі шегірткенің қаптағаны байқалған.
Дәуренбек Әбдібек, тілші:
Әзірге шегіртке егістік пен шабындыққа түсті деген дерек жоқ. Зиянкестер Жангелдин ауданының Тоқанай және Тәуіш ауылдарының аралығында байқалған. Куәгердер түсірген бейнежазбада шегірткенің көптігінен асфальт үсті қарақошқыл түске енгенін көруге болады. Амангелді ауданының аумағында да мөлшері белгілі шектен асқан. Мамандар улау жұмыстары 27 мамырда басталып, дәл қазір де жүріп жатқанын айтады. Осы уақыт ішінде облыс бойынша 80 мың гектардан астам алқап дәріленді. Жалпы облыс бойынша биыл 775 мың гектар жер өсімдік зиянкестеріне қарсы өңделеді. Жауапты орындар бұған қажет пестицидтер қоры, адам мен техника жеткілікті деп отыр.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыҚазақстанда жолаушылар тасымалының көлемі мен жүк айналымы ұлғайды
22.07.2026, 12:29
Психолог: Баланың интернетке тәуелділігін ерте анықтаған абзал
21.07.2026, 20:29
Құрылтай сайлауы – жаңа саяси кезең
21.07.2026, 20:27
Әскери оқу орындарына түсуді қалайтын жастар саны артып келеді
21.07.2026, 20:25
Әлеуметтанушы: Той өткізу мәдениетіне өзгеріс керек
21.07.2026, 20:19
Абай облысында қайтарылған активтер есебінен 27 нысан салынып жатыр
21.07.2026, 20:18
Ұлт ғылымының ұлы тұлғасы
21.07.2026, 20:17
Әскер туралы жалған ақпарат таратқан азамат сотталды
21.07.2026, 20:14