Шымкентте 9 мыңға жуық оқушы жазғы лагерьде демалады
Жазғы демалыс кезінде шымкенттік 9 мыңға тарта оқушы қала сыртындағы лагерлерде тегін демалады. Олардың барлығы әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасының балалары. Тынығудың алғашқы кезеңі 15 маусымнан басталмақ. Балалардың демалысына қала қазынасынан 399 миллион теңге бөлініп отыр.
Мұнан бөлек, шаһардағы 136 білім ұясының жанынан жазғы мектеп ұйымдастырылған. Жалпы биыл мегаполис оқушыларының 94 пайызы демалысты жазғы мектептер мен лагерлерде өткізеді.
Әшір Адеев, Қалалық білім басқармасының бөлім басшысы:
Қала сыртында 3 жерге лагерь салу бойынша жер қарастырылып жатыр. Гос актілері рәсімделуде. Ендігі жылдары құрылысы басталады деген жоспар бар. Егер олар бітетін болса мемлекеттік лагерде 5 мыңнан астам бала бірден демалуына мүмкіндік болады
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12