2025 жылға дейін ауыл мен қала тұрғындары 100 пайыз ауыз сумен қамтылуы керек - Олжас Бектенов
2025 жылға дейін ауыл мен қала тұрғындары 100 пайыз ауыз сумен қамтылуы керек. Бүгін Премьер-министр Олжас Бектенов осындай тапсырма берді. Үкіметте қалалар мен ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтау мәселесі қаралды.
Су ресурстары және ирригация министрінің бірінші орынбасары Болат Бекнияздың айтуынша, қазір 9 облыста 29 жоба іске асып жатыр. Оған сай 2 мың шақырым су құбыры салынбақ. Бұл 500-ге жуық елді мекен тұрғындарын тіршілік көзімен қамтуға мүмкіндік береді. Үкімет басшысы бұл жұмыстарға асқан жауапкершілікпен қарауды тапсырды.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-Министрі:
Өңір әкімдіктері жыл соңына дейін барлық объектілерді уақтылы тапсырып қана қоймай, келесі жылдың жобалары бойынша бекітілген жоспарлардың, құжаттаманың болуы мен қаржыландыруды қамтамасыз етуі керек. Биылғы жылғы 1-ші шілдеге дейін өңір әкімдіктері 77 ауыл мен 28 қалада сумен жабдықтау жобалары бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуді аяқтауға тиіс.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық спорттағы ұлы жеңіс
12.09.2026, 20:17
Қазақ өнерінің жарқын жұлдыздарына құрмет көрсетілді
12.09.2026, 20:15
Алматыда «Ақбала» балетінің премьерасы өтті
12.09.2026, 20:13
Өнерлі әулет туындыларын ұлттық нақышпен ұштастырып отыр
12.09.2026, 20:11
Қызылордалық суретші шыныдан картина салады
12.09.2026, 20:09
Сауд Арабиясында негізгі мұнай құбыры жабылды
12.09.2026, 20:07
Ресейдің 20 өңірінде орман өрті дес бермей тұр
12.09.2026, 20:07
Түркістан облысында 1,16 млн гектар жер суарылды
12.09.2026, 20:06