Қостанай облысында шегірткені улау жұмыстары жүріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында шегірткені улау жұмыстары жүріп жатыр

11.06.2024

Қостанай облысының оңтүстігіндегі Амангелді және Жангелдин аудандарында шегіртке қаптады. Бұл бейнежазбаны жүргіншілер Арқалық-Торғай тас жолының бойынан түсірген. Шгірткенің көптігінен асфальт үсті қарақошқыл түске енгенін байқауға болады. Әзірге зиянкестер егістік пен шабындыққа түсті деген мәлімет жоқ. Мамандар дәл қазір улау жұмыстары жүріп жатқанын айтады. Бір тәулік ішінде облыс бойынша 64 мың гектардан астам алқап дәріленген.

Жалпы облыс бойынша биыл 775 мың гектар жер өсімдік зиянкестеріне қарсы өңделеді. Жауапты орындар бұған қажет пестицидтер қоры, адам мен техника жеткілікті деп отыр. Шегірткенің таралуына қатысты жағдай Үкіметте Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен жедел штаб отырысында талқыланды. Жағдай бақылауда, аймақтарға қосымша техника мен пестицидтер жеткізілуде. Сонымен қатар зиянкестерге қарсы іс-шараларды үйллестіру үшін министрлік қызметкерлері өңірлерге жіберілді.

Хабарламаларға жазылу