Күрежолдың 1200 шақырымнан астам бөлігі қоқыстан тазаланады
Астана мен Алматы арасындағы 1200 шақырымнан астам автомагистраль қоқыстан тазартылады. Бұл ауқымды жұмысты «Amanat» партиясы өз мойнына алып отыр. Бүгін партияның мұрындық болуымен «Жол» деп аталатын эстафета басталды.
Елімізде бұрын-соңды болмаған эко-эстафета осылай көңілді басталды. Бірінші нүтке Астанадан 63 шақырым қашықтағы Аршалы ауданы. Жиналғандар жалпы ұзындығы 1200 шақырымнан асатын тас жолдың жиегін жинайды. Сонымен қатар, вандализмге ұшыраған тарихи-мәдени және табиғи мұралар тазартылады. Ақмола облысы мен Қарағандыға дейінгі аралықтың өзіне 250-ден астам волонтер жұмылдырылады. Бұл топқа өзге аймақтың жастары да ілеседі.
Айнұр Набухан, Анар жалпы орта мектебінің мұғалімі:
Оқу жылы аяқталды. Қазір шамалы қолымыз бос. Өзіміз бала тәрбиесіне, ұлт тәрбиесіне қатысымыз болғандықтан осы акцияға қатысып жатырмыз. Әрдайым өзімізден бастауымыз қажет. Акция өте жоғары деңгейде өтуде.
Тазалық жұмысы квадрокоптерлерді пайдалана отырып, әуеден барлау арқылы жүзеге асырылады. Жиналған қоқыс полигондарға жеткізіледі.
Жандос Темірғали, тілші:
Біз қазір волонтерлермен бірге Астана-Қарағанды автомагистралінің бойын қоқыстан тазалап жүрміз. Жалпы, бұл учаскеде қазір шамамен жүз шақты адам бар. Эстафета бес күнге созылады. Алматы, Қарағанды, Жамбыл және Ақмола облыстарын қамтиды.
Шараға «1 команда – 1 облыс» қағидаты бойынша бас-аяғы 5 топ қатысады. Құрамына Мәжіліс және мәслихат депутаттары кіреді. Сондай-ақ олар ірі елді мекендерде жастармен жүздесіп, қоғамдық қабылдау өткізеді.
Дәулет Кәрібек, «Amanat» партиясының атқарушы хатшысы:
Таза Қазақстан – ең бірінші өзімізден басталады. Таза және тәртіпті ел өзіміздің азаматтарымыз үшін қажет. Сондықтан да Мемлекет басшысы тазалық мәселесін, Таза Қазақстанды жалпы ұлттық деңгейде көтеріп отырғаны сондықтан деп ойлаймын. Біз үшін бұл жаңа мәдениет. Экологиялық мәдениет.
Елімізде жылына шамамен 5 млн тоннаға жуық қоқыс жиналады. Бірақ бізде сол қалдықтарды сұрыптау жағы кемшін қалып жатыр. Өңдеу де ақсап тұр. Саяси партияның сайлауалды бағдарламасы аясында, 2027 жылға қарай тұрмыстық қатты қалдықтарды кәдеге жарату үлесін 36%-ға дейін ұлғайту көзделген. Қазір салаға жауапты министрлікпен бірге арнайы жұмыс тобы құрылды.
Еділ Жаңбыршин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Жалпы бізде сұрыптау өте төмен деңгейде. Тіпті, Астана қаласының өзінде бар болғаны 15 пайыз ғана сұрыпталады екен. Үйден басталуы керек сұрыптау. Және ол жаңағы айтқан комбинатта аяқталып, өңделіп кетуі керек.
Эстафетаның жабылуы Қонаев қаласында өтеді. Қазір «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында ластанған аумақтардың картасы әзірленіп, 475 учаске анықталды.
Жандос Темірғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Инвестиция тартудың жаңа кезеңі басталады
12.09.2025, 10:53

Ақмолалық инспекторлар «Игі істер» акциясы аясында зейнеткерлерге көмектесті
12.09.2025, 10:23
Жетісу облысында жедел жәрдем көліктері табысталды
12.09.2025, 10:21
Мектептерде стоматологиялық кабинеттер ашыла бастады
12.09.2025, 10:20
Абай облысында денсаулық сақтау жобаларына 5,6 миллиард теңге бөлінді
12.09.2025, 10:19
Бір палаталы Парламент құру үшін референдум өткізуді ұсыну – демократияның айқын көрінісі
12.09.2025, 10:15
Албания әлемде алғаш болып министр лауазымына ЖИ-ді тағайындады
12.09.2025, 10:14
Өзбекстанда кибершабуылдарға қарсы күрес күшейді
12.09.2025, 10:13