Шымкентте кәсіби бокс туринирі өтті
Шымкентте кәсіби бокс туринирі өтті. Боксшыларымыз Өзбекстан, Ресей, Филиппин, Тайланд, Моңғолия және Қытайдан келген былғары қолғап шеберлерімен жұдырықтасты. Сайыста әлі күнге қарсыластарынан жеңіліп көрмеген Нұрдос Төлебай Тайландтық чемпионмен бокстасса, ақтаулық Самат Жетібаев WBA және WBC нұсқалары бойынша Азия чемпионы, филиппиндік Адриан Лерасанмен қолғап түйістірді.
Жалпы кәсіби бокс кешінде 8 кездесу өтті. Кәсіби спортшылардың арасындағы сайысқа даңқты боксшы Константин Цзю құрметті қонақ ретінде қатысты. Мұндай спорт бәсекесі алдағы кезде Астана мен еліміздің өзге де қалаларында да өткізілмек.
Бақдәулет Төреханов, Промоутерлік компанияның бас директоры:
Бізде ұлттық құраманың да мүшелері бар. Олар да кәсіби бокста өздерін шыңдап, мүмкіндіктерін көрсетіп, тексеріп көрсін деген мақсатпен дебютанттарға да көп көңіл бөлдік. Және біздің арамызда тәжірибелі де боксшыларымыз өте көп.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Спортшылар 5 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 20:35
Қайтарылған активтер есебінен 21 нысан бой көтерді
25.09.2026, 20:32
Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты ашылады
25.09.2026, 20:30
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:27
Жел электр станциясы салынады
25.09.2026, 20:24
Қазақстанның инвестициялық моделі өзгеріп келеді
25.09.2026, 20:22
Қазақстан мен Қытай арасындағы іскерлік байланыстардың жаңа бағыттары
25.09.2026, 20:18
Қазақстан-Қытай инвестициялық форумы
25.09.2026, 20:16