75 жасар Қарағанды облысының тұрғыны Дәрібай Оспанов пауэрлифтингтен әлем чемпионы атанды. Америка Құрама Штаттарында өткен байрақты бәсекеге 46 елден 960 спортшы қатысты. Оның арасында ардагер спортшының ұлы да бар.
Техас штатының Остин қаласында 83 салмақ дәрежесінде сынға түскен жерлесіміз қатарластарын қапыда қалдырып, сайыстың «экипировка» түрінен жеңімпаз атанды. Ал, классикалық сында жеңістің екінші сатысынан көрінді.
Дәрібай Оспанов, 4 дүркін әлем чемпионы:
Адам мақсат қою керек. Соған жету керек. Жарыс қыркүйектің 18-інде Бішкекте Азия біріншілігі болады. Соған барамын. Сосын ендігі жылы мамырда Норвегияда әлем біріншілігі болады соған дайындаламын.
Өмір бойы құрылыс пен темір жол саласында еңбек еткен ақсақал, спорттың бұл түріне 50-ден асқан шағында келген. Осы уақыт аралағында 4 рет Әлем чемпионы атанып үлгерді. Ұлдары да, немерелері де спорттан алыс емес. Тіпті, кеңжесі осы жарыста өз салмағының жеңімпазы атанды.
Қараман Абдулкарим, Д. Оспановтың ұлы, Әлем чемпионы:
Классикалық жатып сығындаудан 66 келі салмақ дәрежесінде Әлем чемпионы атандым. Бұл салаға келмей тұрып әр түрлі спортпен айналыстым. Ағаммен әкемнің қолдауымен осы спортқа ауысып, жақсы нәтиже көрсетеміз деп жоспар қойды.
Жандос Бақытұлы