385 мың қазақстандық несие алудан өз еркімен бас тартқан
Яғни, олар eGov.kz порталы арқылы банктен немесе басқа да қаржы ұйымдарынан қарыз алуға өз-өзіне шектеу қойған. Енді, бұл азаматтарға 6 ай көлемінде кредит берілмейді. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов мәлімдеді. Дегенмен, бұдан қазақстандықтардың микро несие көлемі азая қойған жоқ. Жыл басынан бері қаржы ұйымдары 525 млрд теңгеге қарыз рәсімдеген.
Олжас Қизатов, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары:
Несиеден өз еркімен бас тарту нормасынан кейін микронесие көлемі азаяды деп ойламаймыз. Негізінен бұл интернет алаяқтардың жұмысына тосқауыл қою мақсатында қабылданған. Әрі екінші деңгейлі банктер мен қаржы ұйымдарына қосымша жауапкершілік жүктейді. Яғни, олар қарыз алудан бас тартқан адамның атына сол уақытта несие рәсімдесе, оны автоматты түрде қарыз есебінен шығаруға мәжбүр болады.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еліміздің әрбір азаматы «Таза Қазақстанда» жайлы өмір сүруі керек
21.09.2026, 20:42
Табиғатты аялау, қоршаған ортаға қамқор көзбен қарау – ұлтымыздың болмысында бар асыл қасиет
21.09.2026, 20:37
Қызылсуат ауылы табиғи газға қосылды
21.09.2026, 20:20
ШҚО-да таудағы туризм табыс көзіне айналды
21.09.2026, 20:19
Алматы мен Астана әлемнің үздік 300 қаласының қатарына енді
21.09.2026, 20:18
Абай облысында су үнемдеу технологиясын игергендер көбейді
21.09.2026, 20:17
Сырдарияда жаңа көпірдің құрылысы басталды
21.09.2026, 20:17
Елде су үнемдеу технологиялары қолданылатын алқап 700 мың гектардан асты
21.09.2026, 20:13