Жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингі жасақталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингі жасақталады

07.06.2024

Елімізде тұңғыш рет жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингі жасақталады. Сонымен бірге, ұлттық тіл моделі әзірленеді. Бұл туралы Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның кезекті отырысында айтылды. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің сөзінше, Ұлттық тіл моделі аясында, қазақ тіліндегі жасанды интелект дайындалады. Жаңа жобаларды тізіп шыққан министр, өңірлердегі білікті профессорлық құрамның тапшылығы мен талапкерлерді тығырыққа тірейтін проблемаларды да баяндалды. Құқықтық сауаттылықтың да маңызы талқыланды. Осы ретте, Комиссия төрағасы, білім беру бағдарламасына «Адам құқықтарының негіздері» атты пәнді енгізуді ұсынды. Жиында тұтынушылардың құқығын қорғау мәселесі де қаралды.

Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі: 

Осы жылдың соңына дейін, елімізде тұңғыш рет жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингі жасақталады. Біз осы жоспарды орындау үшін бір жарым жылдай еңбек еттік. Ұлттық рейтинг порталынан кез келген адам білім ұйымы туралы толық ақпаратты көре алады. Рейтинг бағанында оқу орнының білім сапасы, материалдық базасы, мамандық түрлері, инновациялық әлеуеті сияқты пукнктер қамтылады. Бұл – қызмет деңгейін арттырып, азаматтардың конституциялық құқығының қорғалуына кепілдік береді.


Хабарламаларға жазылу