Сенат төрағасы: Экономикалық өзгерістерді жүйелі жүзеге асыру керек
Алматы - Қазақстанның ірі қаржы және іскерлік орталығы ретінде, елдің экономикалық дамуында ерекше орын алады. Ал қаланың әлеуетін толық пайдалану үшін барлық мүдделі тарап күш біріктіруі қажет, деді шаһарға жұмыс сапарымен барған Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев. Алайда, Алматының дамуына және бәсекеге қабілеттілігіне кері әсерін тигізетін мәселелер де бар. Кездесуде оларды шешу жолдары да сөз болды. Палата спикері Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың шаһарда орындалу барысы, заң шығару қызметіндегі Сенат пен мәслихаттардың міндеттерін талқылады. Мұндай қадам экономикалық саланы дамытуға, агроөнеркәсіптік кешенді ілгерілетуге, су ресурстарын ұтымды пайдалануға және инфрақұрылымды жетілдіруге тың серпін береді деп отыр.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
Мемлекет басшысының бастамасымен кешенді реформалар іске асырылуда. «Күшті Президент», «Мықты Парламент», «Есеп беретін Үкімет» формуласы аясында елімізде билік тармақтары арасындағы теңгерімділік күшейіп, саяси бәсекелестік артты. Осылайша, Мемлекеттік институттар кешенді түрде жаңғыртылып, әлеуметтік-экономикалық бағыттағы жүйелі өзгерістерге жол ашты.
Сапар барысында сенаторлар Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің оқытушыларымен және студенттерімен кездесті. Білімді жастар, елімізді жаңғыртудың драйвері және Әділетті Қазақстан құрудағы маңызды күштердің бірі болуы тиіс екенін атап өтті. Іс-шарада ғылыми кадрлар даярлау, олардың біліктілігін арттыру, зерттеу жобаларына әлеуметтік және қаржылық қолдау көрсету бойынша ұсыныстар айтылды.
Айдана Қуантхан
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Инвестициялық қауіпсіздік деңгейі бойынша Қазақстан 150 мемлекеттің ішінде 53-орынға көтерілді
23.07.2026, 09:14
Цифрлық мүмкіндік пен спорттық шеберлік тоғысқан дода
22.07.2026, 20:32
Олимпиада-2028: Билеттердің ресми сатылымы басталды
22.07.2026, 20:30
Жетісу облысында шаруалар қысқы мал азығын қамдап жатыр
22.07.2026, 20:24
Маңғыстауда Шетпе теміржол вокзалы бастан-аяқ жөнделіп, қайта ашылды
22.07.2026, 20:24
Астанада «4739» деректі фильмінің премьерасы өтті
22.07.2026, 20:23
110 гектар алқапқа апорт көшеттері әзірленіп жатыр
22.07.2026, 20:21
Шымкентте мағыналы муралдар көбейіп келеді
22.07.2026, 20:16