Ақтөбеде 13 жастағы бала төрт күннен бері табылмай жатыр
Ақтөбеде 4-інші маусым күні жоғалған 13 жастағы бала әлі табылған жоқ. Аутизммен ауыратын Кәрім Жетіру ауланың есігі ашық қалған сәтте көшеге шығып кетіп, туыстары одан көз жазып қалған. Оны іздеуге бес жүзден аса адам жұмылдырылды. Іздеу жұмыстарына бүгін тікұшақ тартылды.
Жақсыбек Кемал, тілші:
Жоғалған бала төрт күннен бері табылмай жатыр. Әзірге оны көрдім, білдім деген ешкім болмай тұр. Полицейлер мен еріктілер өзен жағасындағы мынадай ағаштардың арасын бірнеше мәрте шолып шықты. Бала осы уақыт аралығында әлсіреп, бір қуыста жатып қалған боулы мүмкін деген болжам бар.
Іздестіру жұмыстарын ұйымдастыратын штаб жоғалған баланың үйінің жанында орналасқан. Полицейлер мен еріктілерге, құтқарушыларға және іздеуге ат салысып жатқан басқа да қала тұрғындарына осы жерден тапсырма беріледі. Сондай-ақ баланың туыстары оның ерекше белгілерін айтып отырады. Еріктілерге Кәрімнің анасының дауысы жазылған аудиожазба да таратылды.
Айнагүл Жекенаева, Кәрімнің нағашы апасы:
Анасы екінші маусым күні бөпелі болғасын, балалар бізде болды. Ата- әжесінде. Көмектесіп тұрамыз. Сол күні бізге қонақ келеді, есікті ашып кетеді де, сол кезде апасы көріп, артынан жүгіріп кетеді. Ол сол жаққа кеткен, апасы оң жаққа кеткен ғой.
Баланы іздеуге шыққандар бәр сәтеке де дамыл таппады. Тікұшақтан бөлек 40 бірлік техника, 3 квадроцикл, 2 қайық пен ұшу аппараттары қолданылуда. Сондай-ақ, иісшіл иттер де бар. Еріктілер тобына балықшылар мен қарапайым қала тұрғындары да қосылып жатыр.
Зәуреш Аманбайқызы, Еріктілер тобының мүшесі:
Өзіміз ойлаймыз, ол қазір жүріп жатқан жоқ, мүмкін бір жерде талдың түбінде отырған шығар. Шөптің арасында да жатуы мүмкін.
Полицейлер жақын маңдағы үйлердің шатырлары мен аулаларды, кәріз құдықтарын түгел қарап шыққан. Іздестіру радиусы бірнеше шақырымға ұлғайтылды.
Ботагөз Жәлекешова қалалық ювеналды полиция бөлімінің басшысы:
Бүгін вертолет қостық әкесімен бірге полиция департаментінің бірінші орынбасары сонымен бірге қарап жүр.
Баланың қауіпсіздігі әу бастан ескерілгенде жоғалған жасөсіпрімді тез табуға болатын еді, - дейді психолог Самал Күнгеева. Мәселен, шет елде мұндай ерекше балаларға арнайы білезік тағылады. Оған бала туралы барлық мәлімет жазылады. Мобильді қосымша арқылы оның жүріс-тұрысын ата-анасы қадағалап отырады, - дейді маман.
Самал Күнгеева, салауатты жастар денсаулығы орталығының психологы:
Қазақстанда өкінішке орай осы ерекше балаларға арналған балабақша, мектеп мүлдем жоқ. Сіздер сенесіздер ме? Бізде тек орталықтар бар. Қауіпсіздік шарасы міндетті түрде жан-жақты қарастырылуы керек. Баланы балабақшада дейін қалай қараймыз, браслетті қолына тағып, балабақшада да, мектепте де сол браслетті тағып жүруі керек.
Көмекке келген жұрттың қатары сағат сайын артуда. Еріктілер баланы тапқанша бел жазбай іздестірмек. Кәрімнің аман есен келетініне сенеді.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін 13 боксшымыз шаршы алаңға шығады
10.09.2025, 21:22

Халық пікірі: Әлеуметтік төлемдер шын мұқтаждарға ғана берілуі тиіс
10.09.2025, 21:06
Халық партиясы Президент Жолдауын талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізді
10.09.2025, 20:52
ШҚО-да 104 млрд теңгенің 11 жобасы жүзеге асып жатыр
10.09.2025, 20:50
Мемлекеттік кеңесші аналитикалық құрылымдардың басшыларымен жиын өткізді
10.09.2025, 20:44
Е.Қошанов: Бір палаталы Парламент партиялардың рөлін де, беделін де арттыра түседі
10.09.2025, 20:42
Абай облысында инвестициялық жобалардың саны үш есеге артты
10.09.2025, 20:42
Мәжілісте ең төменгі жалақыны белгілеу туралы заң қаралды
10.09.2025, 20:33