Шығыс Қазақстан облысында үш айда 26 мың тонна қоқыс шығарылды
Тазалық акциясы кезінде Шығыс Қазақстан облысында 41 мыңнан астам көшет егілді. Президент тапсырмасы бойынша «Амаnат» партиясы ұйымдастырған акцияға бүгін 100-ге жуық адам қатысып, Глубокое ауданындағы «Опытное поле» ауылының маңын қоқыстан тазартты. Ауыл-аймақтың тазалығы бәріне ортақ шаруа. Сондықтан ерте көктемде басталған сенбіліктен еңбек ұжымдары тыс қалып жатқан жоқ. Жасы сексенге таяған-Ақан ақсақал да жастарға үлгі көрсетіп, учаске басында шалғысымен қызу жұмысқа кіріскен. Тазалық акциясына өзі бастап шыққан.
Ақан Елшібаев, зейнеткер:
Менің енді жасым78 болса да, мен кәрі шалмын деп іргетаста отырмай осыған қатысып жүрміз. Балаларға да үлгі болайық. Ауылымыз таза болса бізге жаман болмас.
Ел көлөмінде өтіп жатқан тазалық жұмысына шығыстан 461 мыңнан астам адам қатысып, 6 мың техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 26 мың тонна тұрмыстық қалдық шығарылып, 41 мыңнан астам көшет егілді. Жалпыға ортақ жұмысқа «Жастар рухы»жастар қанатының өкілдері де белсенді қатысып жатыр.
Мадияр Оралдинов, «Опытное поле» ауылының тұрғыны:
Өзіміз барлық қоқыстарды тазаладық.
Кешелі бері Ұлан мен Глубокое ауданы аумағында 12 аумақ тазаланды.
Аманбай Нұркенов, «Амаnат» партиясы облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары:
Қазір мониторингтік топтар осындай ластанған аймақтарды белгілеп табады. Содан кейін бізге партия филиалына түседі. Сол бойынша аудандарға шығып сол жұмыстарды ұйымдастырамыз.
Эко-белсенділер қоқыс көп жерлердің картасын жасап жатыр. Ендігі жұмыс сол арнайы мониторинг бойынша істелмек. Ал «Таза Қазақстан» акциясын шығыстағы әр аудан жаз бойы өткізуді жоспарлар отыр.
Олжас Керейхан
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаңа Конституция жобасы - ел дамуының басты бағдары
13.03.2026, 10:46
Паралимпиада-2026: Бүгін жарыс жолына кімдер шығады?
13.03.2026, 10:38
Елена Рыбакина әлемнің екінші ракеткасы атанды
13.03.2026, 10:34
Алматы облысында коалиция мүшелері жастармен «Таза Қазақстан – таза болашақ» бастамасын талқылады
13.03.2026, 10:22
Қостанайда референдум қарсаңында ауқымды форум-концерт өтті
13.03.2026, 10:17
Оралда коалиция мүшелері мүгедектігі бар адамдармен кездесті
13.03.2026, 10:13
«Қазақстан балалары» тұжырымдамасы: Балаларды қолдауға, олардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінген
13.03.2026, 10:03
Австралияда жасөспірімдердің бестен бірі тик-токты қолданып жүр
13.03.2026, 10:00