Петропавлда баспанасыз қалған тұрғындардың мәселесі қыркүйекке дейін шешіледі
Петропавлда тасқын салдарынан баспанасыз қалған азаматтардың мәселесі жаңа оқу жылына дейін толық шешімін табады. Бүгінгі күні 204 отбасына пәтер, тағы 53-не жаңадан салынған жер үйлер табысталды. Өңірге жұмыс сапарымен барған ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов қоныс той иелерін құттықтады. Жаңа ауданда балабақша мен «жайлы мектептің» құрылысы жүріп жатыр. Қыркүйек айына дейін 700 үй қолданысқа беріледі. 400-і панельден салынады. Заманауи материалдың ерекшелігі баспана - 8 сағатта құрастырылады.
Дінмұхамед Құсайынов, құрылыс компаниясының басқарушы директоры:
100 баспананың іргетасы қаланды. Бұл жоба Солтүстік Қазақстанның климатына сәйкестендіріліп жасалды. Үйлер жылы болады. Құрылыс кестеге сай жүріп жатыр.
Премьер-министр су басқан үйлерді жөндеу барысын да қадағалады. Облыс орталығында 718 баспан қалыпқа келтіріледі. Бұл жұмысқа механикалық бригадалар жұмылдырылған. Олжас Бектенов сапаға мықтап мән беру қажеттігін айтты.
Анатолий Плешаков, Петропавл қаласының тұрғыны:
Біз үйді өз күшімізбен қалыпқа келтіре алмайтын едік. Мемлекеттің көмек беріп жатқаны жақсы болды. Үйіміз ойдағыдай жөнделіп жатыр.
Тасқын кезінде сорғы станциясын су басып, қала тұрғындары бір тәулік бойы тіршілік нәрінсіз қалды. Жағдай қайталанбас үшін резервтік су көзін салу қажет. Үкімет басшысы облыс әкімдігіне қаржы министрлігімен бірлесіп жобаны іске асыруға қаражат бөлу мәселесін пысықтауды тапсырды.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан мен АҚШ арасындағы серіктестік қарқынды дамып келеді
10.04.2026, 21:19
Былтыр еліміз IT-қызметтер экспортынан 1 млрд доллардан астам табыс тапқан
10.04.2026, 20:44
Аса ірі мөлшерде ұрлық жасады деген күдікті Грузиядан экстрадицияланды
10.04.2026, 20:43
Ақкөлде қалалық стадион аумағы қоқыстан тазартылды
10.04.2026, 20:42
TazaQazBot Telegram чат-ботына 4 мыңнан астам өтінім түсті
10.04.2026, 20:41
Семейде «SuperStar KZ» жобасына үміткерлерді іріктеу өтті
10.04.2026, 20:39
Ұлттың үнбайрағы «Shalqar» радиосына – 60 жыл
10.04.2026, 20:37
ШҚО-да ардагерлер ұйымы есеп беру конференциясын өткізді
10.04.2026, 20:35