Еуропалық одақ пен Қазақстан ынтымақты күшейтпек
Қазақстан мен Еуропалық Одақ сауда-экономикалық қатынасты күшейту жолындағы кедергілерді жоюға құлшынып отыр. Брюссельдегі «Euractiv» медиа-агенттігінің алаңында өткен гибридті басқосуда қос тарап өкілдері өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту жайын талқылады.
Пікірталасқа еліміздің Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мен Ауылшаруашылығы жөніндегі Еурокомиссар Януш Войцеховский да қатысты. Еурокомиссар жақында Қазақстанға жасаған сапарының қорытындысымен бөлісті. Айтуынша, Еуропалық Одақ Қазақстанның ауылшаруашылығы өнімдерін көптеп сатып алуға және ғылыми жобаларды іске асыруда тәжірибе алмасуға ниетті.
Януш Войцеховский, Ауылшаруашылығы жөніндегі еурокомиссар:
Қазақстанның азық-түлік өндірудегі әлеуеті зор және Қазақстан болашақта жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратыны сөзсіз. Қарағанды университетінде азық-түлік тапшылығына төзімдірек дәнді-дақылдар өндіру бойынша қызықты жоба бар. Осы және су ресурстарын басқару мәселесі бойынша ынтымақты арттырумаңызды.
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17