Құлсарыда тасқыннан зардап шеккен тұрғындар үйлерін жөндеуге кірісті
Құлсарыда тасқыннан зардап шеккен тұрғындар үйлерін жөндеуге кірісті. 1700-ден астам азаматқа, баспана сатып алуға және жөндеу жұмыстары үшін 48 млрд теңгеден астам қаражат төленді. Ал, қорытындымен келіспегендердің өтініші, кері қаралып жатыр. Бүгінге дейін 2100-ден астам адам келісімшартқа отырып, құжаттарын алған. Жауапты мамандар, қалған 800-дей тұрғынның өтініштерін қабылдап, бағалау жұмыстарын екі үш күнде аяқтауды көздеп отыр.
Дайрабай Елдесбаев, Құлсары қаласының тұрғыны:
Сараптаманың қорытындысын алып, кеше қолымды қойып, құжаттардың бәрін алдым. Жалпы мынау 240 мың деген метр квадратқа бергені көңілімнен шықты. Енді жоспарым үйді қайтадан бұзып салу. Осы құрылысты бастауға қамданып жатырмыз.
Жанар Дюсупова, Аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы:
Келіспеген жағдайда тұрғындар өтініштерін 2-ші рет комиссияға береді. Комиссия талқылап, қайта ұсынады. Зерттеу нәтижесіне келіскен тұрғын келісімге қол қояды. Тұрғын өзімен бірге тек техникалық зерделеу мен бағалау нәтижесін алып келеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12