Ақтөбе облысында баспаналары суға кеткен 159 отбасы қоныс тойын тойлады
Ақтөбе облысында баспаналары суға кеткен 159 отбасы қоныс тойын тойлап үлгерді. Оларға дайын үйлер мен пәтерлер сатып алынған. Сондай-ақ, өңірде 641 үй жаңадан салынады. Оның 487-сінің құрылысы жүріп жатыр. Тек Ырғыз ауданында ғана жердің әлі кеппеуіне байланысты бұл жұмыстар кешеуілдеп тұр.
Дегенмен, жауаптылар құрылысты дер кезінде аяқтаймыз деп уәде беріп отыр. Сондай-ақ, үйлері тұруға жарамды, бірақ жөндеуді қажет ететін тұрғындар да, қолдаусыз қалмайды. Тек Темір ауданында 41 баспана қалпына келтіріліп жатыр. Ол үшін 148 миллион теңгеден астам қаржы аударылған. Мәселен, аудан тұрғыны Эльмира Аманғалиға жөндеу жұмыстары үшін 7 миллион, 727 мың теңге берілді.
Эльмира Аманғали, Темір ауданының тұрғыны:
«Қаражат түсіп, ремонттарымызды бастап жатырмыз, материалдарымызды алып. Енді көптеген заттарымыз, техникаларымыздың бәрі іске аспай қалды. Соған акиматтан ойдай көмек берілді. Жеткілікті алғысымызды айтамыз көп-көп».
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Санаулы минуттан соң «Қайрат» - «Олимпиакос» матчы басталады
09.12.2025, 20:16
Білімді әрі адал ұрпақ – ұлт болашағы
09.12.2025, 20:14
Маңғыстау облысында 18 инвестициялық жоба жүзеге асты
09.12.2025, 20:13
Тұрғындар зейнетақы қорынан жылдағыдан 2 есе көп ақша алған
09.12.2025, 20:09
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен «Адал азамат» тәрбие бағдарламасының жүзеге асырылуы жөнінде жиын өтті
09.12.2025, 20:07
Еліміздегі жолдар пилотсыз көліктерге бейімделіп жатыр
09.12.2025, 20:04
Оңтүстікте су тапшылығы 1 млрд текше метрге дейін жетуі мүмкін
09.12.2025, 20:03
Президент Ресейдің Қазақстандағы елшісін қабылдады
09.12.2025, 20:02