Басты Жаңалықтар Нұржамал Үсенбаева атындағы І халықаралық ән байқауына 14 елдің қатысушылары келді

Нұржамал Үсенбаева атындағы І халықаралық ән байқауына 14 елдің қатысушылары келді

Елордада Нұржамал Үсенбаева атындағы І халықаралық ән байқауы басталды. Байқау 1-4 маусым аралығында Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өткізіліп отыр. Қатысушылар әлемнің 14 елінен келген. Бұл өнер сайысына тенор, баритон сопрано, бас, меццо-сопрано дауысты 20-35 жас аралығындағы вокалистер іріктеліп алынған.

Қазақстанның халық әртісі, опера әншісі Нұржамал Үсенбаева «байқауда қатысушылар Қазақстан композиторларының шығармаларын орындайды»,- дейді. 


Бөлісу