В.Путин: Қазақстанмен барлық бағыт бойынша өте нәтижелі бірлескен жұмыс жүріп жатыр
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың арқасында Ресей мен Қазақстан арасында екі жақты байланыс беки түсті. Барлық бағыт бойынша өте нәтижелі бірлескен жұмыс жүріп жатыр. Бұл туралы Владимир Путин Петербург экономикалық форумы аясында ірі халықаралық ақпараттық агенттіктердің басшыларымен кездесу барысында айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ресей президенті Қазақстанмен гуманитарлық саладағы ынтымақтастықтың да жақсы деңгейде екенін атап өтті. Владимир Путин елімізде өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысатынын алға тартып, достыққа сызат түсіретін еш себеп жоқ екенін мәлімдеді.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен үнемі байланыстамыз. Бізде өте сенімді, достық қарым-қатынас орнаған. Қазақстанмен барлық бағыт бойынша өте нәтижелі бірлескен жұмыс жүріп жатыр. Президент Тоқаевтың арқасында екі жақты байланыс беки түсті. Мәселен, Ресей Федерациясының 76 субъектісі Қазақстандағы тиісті аумақтармен тікелей қарым-қатынаста», - деді Ресей Федерациясының Президенті.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
БҰҰ Қазақстанның экологиялық бастамаларын қолдайды
15.10.2026, 20:24
Ыстанбұлды сел басты
15.10.2026, 20:18
Рекордтық көрсеткіш: 20 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
15.10.2026, 20:17
«Ұмай» ипотекасы қайта басталады
15.10.2026, 20:16
«Отбасы банк»: 6 ай күтпей баспана алуға болады
15.10.2026, 20:14
Зерттеу нәтижесі: Қазақстан – өңірлік көшбасшы
15.10.2026, 20:13
Президент Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті
15.10.2026, 20:11
Мемлекет басшысы Әзербайжан президентімен кездесті
15.10.2026, 20:05