Алматыда ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің отырысы өтті. Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Ғизат Нұрдәулетов, әріптестеріне ұйым қызметінің өзекті бағыттарына қатысты, соның ішінде Қазақстанның Ұйымға төрағалығының басымдықтары аясындағы еліміздің ұстанымы туралы мәлімет берді. Халықаралық терроризм, киберқылмыс, есірткі мен қару-жарақтың заңсыз айналымы, ұйымдасқан трансұлттық қылмыс сияқты қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл шараларына да, ерекше назар аударылды.
Отырыс қорытындысы бойынша, «Тәжік-ауған шекарасын нығайту жөніндегі Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының мақсатты мемлекетаралық бағдарламасы туралы» шешімінің жобасы мақұлданды. Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің кезекті отырысы, биыл қараша айында Астанада өтеді.
Қуан Нұрақын