Бакуде түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының ХІІІ пленарлық отырысы өтті
«Түркі Әлемі алдындағы жасыл көкжиектер: жасыл күн тәртібіне қол жеткізудегі парламенттердің рөлі». Бакуде осындай тақырыппен түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының ХІІІ пленарлық отырысы өтті. 15 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан ұйымның кезекті жиынына Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған делегация да қатысты. Мәжіліс спикері тақырыптың өзектілігіне тоқталып, «Жасыл Қазақстан» ұлттық бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы ақпарат берді. Оның аясында экожүйені қорғау бойынша ауқымды жобалар қолға алынғанын айтып, климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі Әзербайжанның бастамаларына қолдау білдірді.
Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұған ерекше көңіл бөліп отыр. Қазақстан климат бойынша халықаралық шарттар міндеттемелеріне қол жеткізуге бағытталған жұмысты жүргізуде. Мәселен, былтыр 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясы бекітілді. Су және Салық кодекстері әзірленуде. Онда «Жасыл күн тәртібі» ескерілуде. Парламент бұл жұмысқа толығымен атсалысуда.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
БҰҰ Қазақстанның экологиялық бастамаларын қолдайды
15.10.2026, 20:24
Ыстанбұлды сел басты
15.10.2026, 20:18
Рекордтық көрсеткіш: 20 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
15.10.2026, 20:17
«Ұмай» ипотекасы қайта басталады
15.10.2026, 20:16
«Отбасы банк»: 6 ай күтпей баспана алуға болады
15.10.2026, 20:14
Зерттеу нәтижесі: Қазақстан – өңірлік көшбасшы
15.10.2026, 20:13
Президент Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті
15.10.2026, 20:11
Мемлекет басшысы Әзербайжан президентімен кездесті
15.10.2026, 20:05