«Amanat» партиясы «Таза бейсенбі» экологиялық акциясын жариялады
Президенттің «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында «AMANAT» партиясы әр апта сайын ұйымдастырылатын «Таза бейсенбі» экологиялық акциясын бастады. Бүгін партияның 12 мың мүшесі мен «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері республика бойынша аумақтарды тазалауға шықты. Астанада партия мүшелері заңсыз қоқыс алаңына айналған қараусыз учаскені ретке келтірді.
Даулет Кәрібек, «Amanat» партиясының атқарушы хатшысы:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» жалпыұлттық науқанын бастай отырып, бұл бір реттік акция емес екенін ерекше атап өтті, әрбір үй, аула, тұрғын үй кешені, саябақ және басқа да нысандар назардан тыс қалмауға тиіс. «AMANAT» партиясының мүшелері аталған науқанға алғашқы күннен-ақ белсенді қатысуда. «Жастар Рухы» жастар қанатының шамамен 4 мыңға жуық волонтері су тасқынынан зардап шеккен жандардың баспанасын ретке келтіруге көмектесті. Енді әр апта сайын ел аумағында түрлі учаскелерде қоқыс жинау жұмысын ұйымдастырамыз.
Ғабит Ұзақбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін бес боксшымыз алтынға таласады
10.04.2026, 10:45
Алматыда магнолия ағаштары гүлдеп, қалаға ерекше көрік берді
10.04.2026, 10:43
Шымкенттік оқушылар мектеп жылыжайында маракуйя өсіреді
10.04.2026, 10:42
«Темірлан» тарихи драмасы көрерменге жол тартты
10.04.2026, 10:38
5 мыңнан астам қолжазба цифрлы форматқа көшіріліп жатыр
10.04.2026, 10:20
БҚО-да ғалымдар Алтын орда дәуіріндегі қорымды тапты
10.04.2026, 10:19
Ресейде қатерлі ісікке қарсы вакцина науқастарға салына бастады
10.04.2026, 10:17
Пасха мерекесіне орай Украинадағы соғысқа үзіліс жарияланды
10.04.2026, 10:11