Павлодар облысында жер дауы бейбіт бітіммен аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында жер дауы бейбіт бітіммен аяқталды

06.06.2024

Павлодар облысында жергілікті фермер егіні жиналып, қара топырағы шығып жатқан алқапқа мал жайған ауыл бақташыларынан 7 миллион теңгеден астам ақша өндіріп алмақ болған. Жеке комиссия құрып, тәуелсіз сараптама жасатқан. Алайда, оның құрамында ауылдық округ әкімі түгіл қарапайым маман болмаған. Тараптар мәселені қалай шешті? Тілшіміз анықтады.

Ауыл малын бағатын қос бақташыға ара түсу үшін Павлодар ауданының Чернорецкі ауылы ғана емес, көрші Қаракөл, Набережное ауылының да тұрғындары жиналды. Солар дабыл көтергендіктен аудандық полиция бастығы, прокурорларға дейін келді. Себебі, егіні жиналып, топырағы сүрлемге аударылған жерге мал жайды деген желеумен жергілікті фермер ауылдың екі азаматынан 7,5 млн.теңге қаржы өндіріп алмақ болған.

Ардагелді Жанай, Чернорецк ауылының бақташысы:

Айыппұлдың көлемі 3 млн. 2 млн 300 мың теңге Сәлменбаевқа, мемлекеттік алымы бар, жалпы алғанда 3 млн. теңге айыппұл салды. Ал, актіні толтырғанда біз жоқпыз, ешқайда қол қойған жоқпыз.

Алдымен учаскелік инспектор келіп екі бақташыға 5 мың теңгеден айыппұл салған. Бұл өткен жылдың қараша айында болған. Ал, жақында сотқа шақыру келеді.

Серік Қайырбаев, Чернорецк ауылының бақташысы:

Сүрлем жыртып қойған ғой. Сол сүрлемге түсті деп баяғы. Өздері білмейді кімнің малы екенін. Менің малым ба, менікі емес пе, ол жағын білмейді. Олар мал жүрген деп сырттан айыппұл салып қойып отыр. 4,5 млн. теңге.

Мәселеге аудан әкімі араласқан соң мәселе оң шешілді. Фермер райынан қайтып, ауылдастарына кеңшілік танытты.

Арман Сәлменбаев, шаруа қожалығының басшысы:

Сіздерге айтып отырмын, егер сендер малдарынды кіргізбесендер мен талап арызыдарымды алып тастаймын. Болды ғой, кіргізбейсіздер ғой. Бересіндер ғой қолды.

Николай Дычко, Павлодар ауданының әкімі:

Сотқа арыз түскенімен шешімі шықпай тұрып фермер мен ауыл тұрғындары ортақ мәмілеге келді. Дәл бүгін екі тарапта риза болды деп ойлаймын.

Жайылдымдық жерлерге қатысты аймақта мәселе көп. Себебі, шаруалар бастапқы бетте мал бағу үшін берілген алқаптарды уақыт өте келе егіншілік мақсатта пайдаланымыз деп құжат жасатып алады. Іле ауыл іргесінен егін салады. Оған мал түседі. Сөйтіп соттасу басталады. Шаруалар мен тұрғындар арасындағы бұндай дау Чернорецкі ауылында алғаш рет бейбіт бітіммен аяқталды.

Болат Аманбаев


Хабарламаларға жазылу