В.Путин Қазақстанда өтетін ШЫҰ саммитіне қатысады
Ресей президенті елімізде өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысады. Бұл туралы Владимир Путин, Петербург экономикалық форумы аясында ірі халықаралық ақпараттық агенттіктердің басшыларымен кездесу барысында айтты деп хабарлайды Kazinform. Мұнда Путин “Жақында Астанаға барамыз. Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті және басқа да іс-шаралар болады. Менің шақыртуым бар. Әрине, мен оны қолданамын” деген. Әрі Қазақстан мен Ресейдің қарым-қатынастарын жоғары бағалап, достыққа сызат түсіретін еш себеп жоқ екенін мәлімдеген. Айта кетейік, Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті, Астанада 3-4 шілде күндері өтеді
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
БҰҰ Қазақстанның экологиялық бастамаларын қолдайды
15.10.2026, 20:24
Ыстанбұлды сел басты
15.10.2026, 20:18
Рекордтық көрсеткіш: 20 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
15.10.2026, 20:17
«Ұмай» ипотекасы қайта басталады
15.10.2026, 20:16
«Отбасы банк»: 6 ай күтпей баспана алуға болады
15.10.2026, 20:14
Зерттеу нәтижесі: Қазақстан – өңірлік көшбасшы
15.10.2026, 20:13
Президент Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті
15.10.2026, 20:11
Мемлекет басшысы Әзербайжан президентімен кездесті
15.10.2026, 20:05