Екібастұз ЖЭО жаңғыртуға 3,4 млрд теңге бөлінді
Үкімет Екібастұз жылу электр орталығын одан әрі жаңғыртуға резервтен 3,4 млрд теңге бөледі. Премьер-Министр Олжас Бектенов қаулыға қол қойды. Бұл - Мемлекет басшысының республикадағы тұрғын үй комуналдық шаруашылық инфрақұрылымын кешенді қалпына келтіру жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде атқарылып жатыр. Шаралар жылу көзінің үздіксіз жұмыс істеуіне, төтенше жағдай қаупін азайтуға, тұрақты жылумен қамтуға мүмкіндік беріп, Екібастұз қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін береді. Бұған дейін Үкімет резервінен Кентау, Риддер және Қызылорда қалаларының жылу көздерін жаңғыртуға 16 млрд теңге және Көкшетау қазандықтарын жөндеуге 816 млн теңге бөлінген.
Ғабит Ұзақбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 35 мемлекеттің қатарына енді
10.10.2026, 14:32
«Әділет» партиясы Алматыдағы жаңа экологиялық бастамаларды қолдады
09.10.2026, 22:15
Әлеуметтік қолдаудың жаңа мүмкіндіктері
09.10.2026, 21:30
Президент Каспий маңы елдерінің ғылыми әлеуетін біріктіруге шақырды
09.10.2026, 20:35
Театр көрермені көбейіп келеді
09.10.2026, 20:25
Қос марапат – ұлттық мәдениетті ұлықтаудың жаңа белесі
09.10.2026, 20:20
Орталық Азиядағы алғашқы кітап оқу марафоны
09.10.2026, 20:19
Әр азамат елдік мәселелерді талқылауға үлес қоса алады
09.10.2026, 20:18