Астанада БАҚ саласындағы мәселелер талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада БАҚ саласындағы мәселелер талқыланды

05.06.2024

«Еліміздегі бірде - бір бұқаралық ақпарат құралында редакция стандарты жоқ. мемлекеттік органдардан ақпарат алу уақытын әлі де қысқарту керек». Бұл туралы Астанада өткен «Журналистік этика. Фактчекинг пен манипуляциялар» атты дөңгелек үстелде айтылды. Оған медиа саласының басшылары мен журналистер, қоғам қайраткерлері қатысты. Басқосу Қазақстан Медиа Альянсы мен “Әділ сөз” сөз бостандығын қорғау халықаралық ұйымдарының бастамасымен ұйымдастылды. Жиналғандар өңірлердегі БАҚ-тың жағдайына шолу жасады. Сарапшыларды аудандардағы басылымдардың мүшкіл жағдайы алаңдатып отыр. Жиын барысында медиа өкілдерінің біліктілігін арттыру, жасанды интелектінің мүмкіндіктері, оқыту тренингтерін ұйымдастыру тетіктері талқыланады. Жиында фейктермен күресте арнайы жүйе құру ұсынылды.  

Жандос Темірғали 

Хабарламаларға жазылу