Анар Бурашева Эверест шыңын бағындырған тұңғыш қазақ қызы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Анар Бурашева Эверест шыңын бағындырған тұңғыш қазақ қызы атанды

05.06.2024

Эверестті бағындырған Анар Бурашева әлемнің ең биік шыңына табаны тиген тұңғыш қазақ қызы атанды. Гималай тауларында орналасқан бұл шыңның биіктігі – 8848 метр. Альпинист бұл жетістігін қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арнағанын айтады.

Төрт жыл бұрын альпинизм мектебінде оқығанмын. Сол мектепте оқығанда біріншіден Эверест шыңын бірде қазақ қызы бағындырмағанын білгем. Сондықтан менің мақсатым – сол жылдардан басталған шығар.

Сен өз-өзіңді жеңуің керексің. Бұл психологиялық қиындық. Физикалық қиындық. Өйткені, сен гипоксиямен кездесесің. Гипоксия бұл – ауаның жетпеуі.

Мен үшін үлкен қуаныш. Өйткені, біз өзіміздің көк туымызды Эверест шыңына алып келгенбіз. Басқа мемлекеттерге көрсеттік. Біздің альпинизм мектебіміз өте ерекше деп.

Шыңға шығу бұл 50% ғана. Сен үйге жету керексің. Көбінесе жаман нәрселер түсіп бара жатқанда болады. Өйткені сен биікке шығып бара жатқанда сенде үлкен мақсатың бар, күшің көп. Түскен өте күрделі нәрсе.

Үлкен мақтаныш. Біз соны істедік. Қазір мен өте бақыттымын.

Біріншіден бұл мен үшін үлкен мақтаныш. Ерекше құрмет. Менен Президент көбінесе қалай қиын болғаны және өз жағынан маған айтып берді.

Мен осы біздің артымыздан келе жатқан балаларға айтқым келеді. Қыздарға, кішкентай ұлдарға. Өздеріңе үлкен мақсаттарды қоя беріңдер. Өйткені, өз-өздеріңен сенсеңдер, көп жұмыс істесеңдер мақсатқа жете аласыңдар.


Хабарламаларға жазылу