Қарқаралы қаласы 200 жылдығын атап өтеді
Биыл Қарқаралы қаласы 200 жылдығын атап өтеді. Көне шаһарда мерейтойға дайындық басталды. Қала ішіндегі жолдар, стадион мен мәдениет үйі жаңартылып, абаттандырылып жатыр. Шолпан Жандарбекова атындағы мәдениет үйі де қайта қалпына келтірілмек. 600 көрермен сыйатын нысанда балаларға арналған 26 үйірме жұмыс істейді.
Айнұр Мұратбекқызы, Қарқаралы Қаласының Тұрғыны:
Ең бірінші жол. Тратуар жасаса. Озеленение, паркті жасап берсе, сыртын, төбесін жасап берсе. Қарақаралы жасай берсін. Қасиетті жер ғой. Ата-анамыз туған жер.
Қала орталығындағы Тоқтар Әубәкіров атындағы көше жөнделіп жатыр. Осы көшенің басында тұрған Құнанбай қажы мешіті де қалпына келтірілмек. Тарихи нысан 1849 жылы салынған. Бұл туристер ең көп баратын орындардың бірі.
Әділжан Арғынов, Қарқаралы Ауданының Әкімі:
Орталық көше кіреберістен бастап, Құнанбай қажы мешітіне дейінгі 2,2 км жолға толығымен қайта жаңғырту жұмыстары басталды. Тиісті қаражаттар бөлінген мердігер анықталды. Биыл Құнанбай қажы мешітнің де жөндеуі аяқталады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Туған үш ағайынды бір әскери бөлімде борышын өтеуде
02.05.2026, 20:08
Қауіпсіздігі жоғары композиттік газ баллондары өндіріледі
02.05.2026, 20:07
Балық аулауға уақытша тыйым салынды
02.05.2026, 20:05
Нөсер жауыннан өзендер тасып, екі көпірді шайып кетті
02.05.2026, 20:05
Халықаралық келіссөз: Польшада ұсталған қазақстандық бостандыққа шықты
02.05.2026, 20:02
Қазақ тазысы 2035 жылы әлемдік деңгейде мойындалуы мүмкін
02.05.2026, 20:01
Павлодарда «Бірге еккен бір ағаш» экологиялық акциясы өтті
02.05.2026, 18:49
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні
01.05.2026, 20:41