Президент әскери оқу орындарын үздік бітірген қыз-жігіттерге лейтенант шенін тапсырды
Тәуелсіздігіміздің нышаны мемлекеттік рәміздердің қабылданғанына бүгін 32 жыл. Осы мерейлі күнге орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы басты байрағымызды көтеру салтанатына қатысты.
Әнұранның әуенімен ту тұғырына қонған соң Президент жиналған жұртшылықты Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, бұл елдігімізді нығайта түсетін мерейлі мереке екенін айтты. «Осы мерекеге орай біз жаңа ғана еліміздің бас байрағын көтердік. Көк туымыз әрдайым биікте желбірей берсін! Туымызды тік ұстау – әр азаматтың перзенттік парызы – деді Президент. Ал шара соңында әскери оқу орындарын үздік бітірген қыз-жігіттерге лейтенант шенін тапсырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Ер-азамат үшін ел тыныштығын күзету – ең абыройлы міндет. Әйгілі батырымыз Бауыржан Момышұлы «Ердің туы – намыс» деген. Өздеріңіз сияқты отаншыл әрі намысты ұландары бар Қазақстанның келешегі жарқын екені анық. Баршаңыз антқа адал болып, ел шебін қырағы қорғайсыздар деп сенемін.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауруханаға жеткізілген сарбаз есін жинады
25.09.2026, 11:19
Маңғыстаудағы жағдай: Екі бап бойынша қылмыстық іс қозғалды
25.09.2026, 11:13
30-дан астам әскери қызметшіден жауап алынды
25.09.2026, 11:10
Каспий теңізінде жоғалған екі әскери қызметшінің денесі табылды
25.09.2026, 11:05
Каспийдегі қайғылы оқиға: Әр лауазымды тұлға қатаң түрде жауап береді
25.09.2026, 11:05
Құтқарушылар екі сарбаздың денесін судан шығарды
25.09.2026, 11:05
Бүгін – Жалпыұлттық аза тұту күні
25.09.2026, 11:02
Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскерилердің отбасына қаржылай көмек көрсетеді
25.09.2026, 10:19