БҚО: Бөрлі ауданында 50 отбасы баспаналы болды
Үйлері суға кеткен ауылдықтарға жаңа пәтер аудан орталығы - Ақсай қаласынан сатып алынды. Тұрғындар өздері таңдаған жаңа үйлеріне қоныс аударып жатыр. Көпбалалы ана Лейла Жұмағалиева бұған дейін отбасымен Пугачев ауылында тұрды. Үйі суға кетіп, тұруға жарамсыз деп танылған соң, аудан орталығына көшуге бел буған. Пәтерді қаладан өздері таңдап, сатып алуға мүмкіндік берілді. Үкіметтен берілген қаражатқа 4 бөлмелі пәтер алды. Алдағы күндері аудан бойынша тасқыннан зардап шеккен тағы 16 отбасыға баспана сатып алынады.
Ләйла Жұмағалиева, Ақсай қаласының тұрғыны:Осы үйді жолдасым көрсетті. Келген күні қарадық та, бірден аламыз деп айттық. Құжаттарды әкімдікке тапсырдым. Екі күнде рәсімдеп, жібердік, үш күнде ақшасы түсті. Үкіметтің 22 млн 910 мың теңгесі сол кісінің шотына аударылды. Маған пәтер кілтін тапсырды.
Сондай-ақ, ауылдарда баспанасы тұруға жарамсыз деп танылған отбасыларға 60 үй салынып жатыр. Айта кетейік, Бөрлі ауданында су тасқынынан 400-ге жуық үйді су басып, оның 126-сы сараптамаға сай апатты деп танылған. Зардап шеккен тұрғындардардың жартысына баспана салынып, қалғанына сатып алынады.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Туған үш ағайынды бір әскери бөлімде борышын өтеуде
02.05.2026, 20:08
Қауіпсіздігі жоғары композиттік газ баллондары өндіріледі
02.05.2026, 20:07
Балық аулауға уақытша тыйым салынды
02.05.2026, 20:05
Нөсер жауыннан өзендер тасып, екі көпірді шайып кетті
02.05.2026, 20:05
Қазақстан ғарышты игерудің жаңа дәуіріне қадам басты
02.05.2026, 20:04
Халықаралық келіссөз: Польшада ұсталған қазақстандық бостандыққа шықты
02.05.2026, 20:02
Қазақ тазысы 2035 жылы әлемдік деңгейде мойындалуы мүмкін
02.05.2026, 20:01
Павлодарда «Бірге еккен бір ағаш» экологиялық акциясы өтті
02.05.2026, 18:49