Ерлан Қарин мемлекеттік басқару академиясында ішкі саясаттың негізгі бағыттары жөнінде сөз сөйледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ерлан Қарин мемлекеттік басқару академиясында ішкі саясаттың негізгі бағыттары жөнінде сөз сөйледі

03.06.2024

«Еліміздің ішкі және сыртқы саясаты ең алдымен, ұлттық мүддемізге негізделген». Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының тыңдаушылары мен оқытушылары алдында сөз сөйлеген Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин осылай деді. Ішкі саясаттың негізгі мәселелеріне тоқталған ол, «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасының маңызын баяндады. Бұл тұғырнаманың өзегінде жалпыұлттық құндылықтар тұр. Ерлан Қариннің пікірінше, бірегей құндылықтар жүйесін ұстану, ұлттың жаңа сапасын қалыптастыруға септігін тигізеді. Мемлекеттік кеңесші, ішкі саясатта біз өзіміздің күн тәртібімізге жүгінуіміз қажет. Біздің күн тәртібіміз жасампаздыққа негізделген, жаңа қоғам құруды, жаңғыруды және реформа жүргізуді көздейді деді. Жиын соңында Ерлан Қарин тыңдаушылар мен Академия ұжымының сұрақтарына жауап берді.

Ерлан Қарин, ҚР Мемлекеттік кеңесшісі:
Біз ішкі, сыртқы саясатты басқа біреуге ұнау үшін, басқа біреулерден бір баға алу үшін, қандай да бір трендтерге сай болу үшін ғана емес, біз өзіміздің қажеттілігімізге сай жүргіземіз. Солай жүргізуіміз керек әрқашан да. Яғни, қандай да бір шешім қабылдасақ, қандай да бір әрекет болса да біз әрқашан да өз ұлттық мүдделерімізден қарауымыз қажет.

Жандос Темірғали


Хабарламаларға жазылу