Мысырмен парламентаралық ынтымақтастықты нығая түсті
Мәулен Әшімбаев Мысыр Сенатының Төрағасы Әбделуахаб Әбделразек Хасан бастаған Парламент делегациясымен кездесті. Тараптар ынтымақтастықты нығайту мәселесін талқылады. Сондай-ақ өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Сұхбат барысында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезінің жұмысы, қазан айында өтетін Съезд Хатшылығының отырысына дайындық барысы сөз болды. Кездесуде сауда-экономикалық саладағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективалары да талқыланды.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:Біз Мысырмен арада қалыптасқан парламентаралық ынтымақтастықты жоғары бағалаймыз. Екі елдің Парламентінде өзара байланыстың маңызды тетігі саналатын достық топтары табысты жұмыс істеп келеді. Алдағы уақытта екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін осындай топтардың әлеуетін кеңінен пайдаланғанымыз абзал. Енді осы топтардың аясында, сондай-ақ салалық комитеттердің арасында біраз жұмыстарды әрмен қарай жүргізуге мүмкіндік бар екені сөзсіз.
Тәуірбек Бозекен
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үкімет Конституцияны ілгерілету жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті
06.04.2026, 20:59
Елдегі орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жақындады
06.04.2026, 20:57
Алматылықтардың 40 пайызы жыл сайын маусымдық аллергиямен күреседі
06.04.2026, 20:54
Шымкентте су арналарының айналасы қоқысқа толы
06.04.2026, 20:52
Семейде «Келешек мектептері» жобасы аясында білім ошағы ашылды
06.04.2026, 20:49
«SuperStar KZ» – Ақтауда
06.04.2026, 20:44
Азия чемпионаты: Төрт боксшымыз финалға шықты
06.04.2026, 20:41
Доллар бағамы 466 теңгеге дейін түсті
06.04.2026, 20:15