Президент ДСҰ Бас директорымен кездесті
Алматыда Мемлекет басшысы Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директоры Нгози Оконджо-Ивеаламен кездесті. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халықаралық ұйыммен ынтымақтастықты кеңейтуге айрықша мән беретінін атап өтті. Қазіргі кезде біз әлемнің 180 елімен сауда-саттық жасаймыз. Президент соңғы үш жылда еліміздің сыртқы саудасы 53 пайызға ұлғайып, 160 миллиард долларға жеткенін айтты. Сонымен қатар жуырда экономиканы ырықтандыру жөніндегі жарлыққа қол қойылды. Бұл құжат әділ бәсекені күшейтуге, кәсіпкерлік еркіндікті сақтауға және мемлекеттің экономикадағы үлесін азайтуға бағытталған деді. Өз кезегінде бас директор ұйымға мүше елдер министрлерінің 12-ші конференциясының төрағасы ретінде халықаралық сауда саласындағы маңызды шешімдерді қабылдауға Қазақстанның қосқан үлесін жоғары бағалады.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:Сіздің Алматыға сапарыңыздың маңызы зор. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, тығыз ынтымақтастығымыз үшін өзіңізге ризашылығымды білдіргім келеді. Ұйымға мүше елдер министрлерінің 12-ші конференциясына төрағалық ету – Қазақстан үшін үлкен жауапкершілік әрі мәртебе. Аталған жиын барысында ДСҰ мүшелері ұйымды реформалау туралы маңызды шешімдер қабылдай алды.
Шерхан Жамбылұлы
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыАуруханаға жеткізілген сарбаз есін жинады
25.09.2026, 11:19
Маңғыстаудағы жағдай: Екі бап бойынша қылмыстық іс қозғалды
25.09.2026, 11:13
30-дан астам әскери қызметшіден жауап алынды
25.09.2026, 11:10
Каспий теңізінде жоғалған екі әскери қызметшінің денесі табылды
25.09.2026, 11:05
Каспийдегі қайғылы оқиға: Әр лауазымды тұлға қатаң түрде жауап береді
25.09.2026, 11:05
Құтқарушылар екі сарбаздың денесін судан шығарды
25.09.2026, 11:05
Бүгін – Жалпыұлттық аза тұту күні
25.09.2026, 11:02
Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскерилердің отбасына қаржылай көмек көрсетеді
25.09.2026, 10:19