Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдердің парламент палаталарының спикерлерімен кездесті. Президент заң шығару органдарының спикерлеріне ілтипат білдіре отырып, ұйымның Парламенттік Ассамблеясына тұрақты мәртебе беру туралы Ресейдің ұсынысын қолдайтынын айтты. Президент басқа елдердің делегацияларын да осы бастаманы қолдауға шақырды. Бұдан бөлек, Қазақстан ұйымға төрағалығы аясында қауіпсіздікті қамтамасыз етуді көздейтін халықаралық бірлестіктермен және құрылымдармен ықпалдастықты нығайтуға ниетті екенін жеткізді. Сондай-ақ мемлекет басшысы спикерлерге Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалар жайлы айтып, олар қоғамның барлық саласын, соның ішінде саясат, экономика және идеология бағыттарын жүйелі түрде жаңғыртуды көздейтінін жеткізді.
Досжан Маратұлы