Бокстан ерлер құрамасы Париж Олимпиадасына толық құрамда қатысады
Париж Олимпиадасында бокстан Қазақстан ерлер құрамасы толық құрамда қатысады. Спортшы Мұхамедсабыр Базарбайұлы халықаралық жарысқа 58-ші болып жолдама алды. 63,5 келі салмақта сынға түскен қазақстандық боксшы молдовалық Александру Паранцивті 5:0 есебімен жеңді.
Мұхамедсабыр Базарбайұлы, боксшы:
Олимпиадаға жолдама алдық. Өте қиын болды жекпе-жектер. 6 бой өткіздім. Соның 5-уінде жеңіске жеттім. Бүкіл қазақ еліне, бапкерлеріме рақмет айтамын.Енді осымен тоқтамай алтын медальге ие боламыз. Қолдауларыңызға рақмет!
Ал әйелдер құрамасы Париж Олимпиадасында 3 салмақ дәрежесінде бақ сынайды. Соңғы болып боксшы Назым Қызайбай жолдама алды. Ол 50 келі салмақ дәрежесінде екі дүркін Әлем чемпионы Солтүстік Корея елінің спортшысын жеңді.
Назым Қызайбай, боксшы:
Ең бастысы ағайым асықпа, ойланып істе деді. Соның арқасында жеңіске жеттім. Басқа қарсыластарыма қарағанда жылдам болды. Өйткені ол алдап істейтін болғаннан кейін күшке емес, тек қана ұпайға істейтін қыз екен. Енді функцияналдық жағынан 3 раунд өзімді қинадым. Бірақ, қатты шаршаған жоқпын.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада реновация аясында жаңа тұрғын үй кешені бой көтерді
27.07.2026, 13:09
Қарағандыда студенттер қағаз басып шығаратын құрылғы құрастырды
27.07.2026, 13:08
Google АҚШ-ТА 32 млн маса ұшырмақ
27.07.2026, 13:07
Екі елде 330 мыңнан астам адам эвакуацияланды
27.07.2026, 13:06
Ресейде әуе компаниялары дағдарысқа ұшырады
27.07.2026, 13:03
БҚО-да 56 млн теңге жымқырған мердігерлер сотталды
27.07.2026, 13:03
Елімізде электр стансаларын жөндеуге 384 млрд теңге қаржы бөлінді
27.07.2026, 13:01
Ұлытауда үш ғарышкер Жезқазған маңына қонды
27.07.2026, 10:12