Дәстүрлі садақ ату: А.Батихан Қазақстанға тарихи жеңіс сыйлады
Дәстүрлі садақ атудан тарихи жеңіске жеткен Айкөркем Батихан бүгін елге оралды. Стамбұлда өткен «Фетих купасы» халықаралық турнирінде алтыннан алқа таққан мергенмен әріптесім Қаракөз Тұрмағанбет алғашқылардың бірі болып жүздесті.
Айкөркем Батихан, FETIH KUPASI 2024 халықаралық турнирінің жеңімпазы:FETIH KUPASI-на 30-дан аса мемлекет қатысты. Соның ішінде Түркия, Венгрия, Малайзия, Индонезия. Ең жақсы, ең мықты қарсылас бола алатын садақшылар осы елдерден болды. FETIH KUPASI әлемдік чемпионатпен сай десем де болады. Алғаш рет осы тұңғыш рет орын алғаннан кейін бұл сайыстың маңызы өте жоғары болды.
Айкөркем Батихан, FETIH KUPASI 2024 халықаралық турнирінің жеңімпазы:Менің жеке жаттықтырушым да, бас бапкерім де - Ахметов Диас. Жарыс алдындағы дайындықтар бізде күнде таңертеңнен кешке шейін үш сағаттан 200 оқ, 100 оқ атуға тырысатынбыз.
Бақберген Сәлімов, Айкөркем Батиханның ағасы:Өзіне ыңғайлы садақты сатып алып бердім. Венгриялық садақты. Және де оқтарын қазіргі таңда өзім жасаймын.
Айкөркем Батихан, FETIH KUPASI 2024 халықаралық турнирінің жеңімпазы:Ағам үнемі оқтарын да өзі қарап отырады. Барлығын, грамдарын өлшейді, қанаттарын түзейді. Ағаштардың қисықтығын қарайды. Ал мен тек қана сол кісінің жасаған оқтарымен осындай нәтиже көрсетудемін.
Автор
Қаракөз Тұрмағанбет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елдегі энергия саласының әлеуеті артады
10.03.2026, 20:56
Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды
10.03.2026, 20:49
Өңір тұрғындары Конституциялық реформаға қолдау білдірді
10.03.2026, 20:16
Шетелге саяхаттау қауіпсіз бе?
10.03.2026, 20:16
Сыртқы Істер министрлігі ескерту жасады
10.03.2026, 20:12
Зейнетақы шотындағы артық ақшаны емге пайдалануға қайтадан рұқсат етілмек
10.03.2026, 20:12
Елімізде былтыр 20 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
10.03.2026, 20:10
Референдумды 359 халықаралық байқаушы бақылайды
10.03.2026, 20:09