Ақтөбе облысында «Ауыл аманаты» бойынша несие алған тұрғындарға жеңілдік мерзімі белгіленді
Ақтөбе облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша несие алған отыздан астам тұрғын су тасқынынан зардап шеккен. Олардың көбінің малдары мен құстары шығын болған. Мұндай тұрғындарға қарызын өтеу үшін жеңілдік кезеңі белгіленді. Алты адамға несиені үш айға кейнге шегеруге ұсыныс берілген. Табиғи апаттардан сақтандырылған мүліктің шығынын өтеу жұмысы да жүріп жатыр. Әзірге бұл мүмкіндікті бір кәсіпкер пайдаланды. Тасқыннан зардап шеккен кәсіп иелерінің қатарында бағбандықпен айналысып отырғандар да бар.
Ләззат Құрманова, «Ақтөбе әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ бөлімінің маманы:«Ауыл аманаты» жобасына Қобда, Ойыл және Ырғыз аудандарынан келген қатысушыларға несиені кейінге қалдыру ұсынылды. Жылдық 2,5 пайызбен жеңілдетілген несие алған екі мыңға жуық ауыл тұрғынының 33-і Ақтөбе Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына өтініш берген.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17