Еуропа елдерінде қатты су тасқыны болуы мүмкін
Солтүстік және Батыс Еуропа елдерінде қатты су тасқыны болуы мүмкін. Осылай дабыл қаққан Еуропалық қоршаған ортаны қорғау агенттігі, ЕуроОдақ басшыларын дайындықты күшейтуге шақырып жатыр. 2021 жылы шілдеде болған су тасқынынан қарт құрлықта 240 адам қаза тауып, экономикалық шығын 50 млрд еуро болған еді. Табиғи апаттың зардабын тұрғындар әлі тартып отыр. ЕуроОдақ халқының 12 пайызы суға батып кету қаупі басым елдімекендерде тұрып жатқандықтан, өзен-көлдердің жағасын бекітіп, апаттың алдын алу шараларын күшейту қажет, дейді агенттік өкілдері. Климатологтар Солтүстік Еуропа елдерінде екі аптадан бері жауынның тоқтамай тұрғанына алаңдап отыр.
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17