Өзбекстанда газбен жүретін жеңіл көлік, жол үстінде жарылып, салонда болған бір отбасының мүшелері түгел қаза тапты. Оның бірі- кәмелетке толмаған бала. Жызақ облысында бар жылдамдығымен кетіп бара жатқан Nexia көлігіне орнатылған сұйытылған газ құятын баллон жарылған. Жойқын апаттан, жеңіл көлік бірнеше бөлікке бөлініп кетті. Жаға ұстатарлық көрініс, бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Облыстық ішкі істер басқармасының мәліметінше, көлік тізгіндеген 63 жастағы ер адам, Ташкент-Термез күре жолы бойындағы бекеттердің біріне тоқтап, көлігіне газ құйдырған. Артынша, жолға шыққан темір тұлпар, жойқын апатқа ұшырады. Полицейлер, азаматтардың жолға шығар алдында көліктің техникалық жағдайын жіті бақылап отыруы қажеттігін ескертеді.
Базаркүл Отыншиева