Түркі академиясы экологиядағы жаңа жобаларды жүзеге асырады
Түркі академиясы тек гуманитарлық бағытта емес, экология саласында да жаңа жобаларды жүзеге асыра бастайды. Мұндай шешім Анкарада өткен Түркі әлемі Ұлттық ғылым академиялары одағының бас ассамблеясында қабылданды. Сондай-ақ бұған дейін атқарылып келе жатқан түркі халықтарының тарихы мен әдебиетін зерттеу, жастарды ғылымға баулу сияқты жұмыстар да жалғасын табады. Басқосуда тараптар жаңа бастамаларды жүзеге асыру үшін жұмыс топтарын құруға уағдаласып, тиісті хаттамаға қол қойды. Түркі әлемі ғылым академиялары одағының кезеңдік төрағалығы Татарстаннан Түркияға өтті.
Шаһин Мұстафаев, Халықаралық түркі академиясының президенті:
Климаттың өзгеруі, тұрақты даму, денсаулық саласындағы дағдарыстар және технологиялық жетістіктер назар аударуды қажет ететін мәселелердің бір бөлігі ғана. Бұл қиындықтарға зерттеулер мен инновациялық шешімдер арқылы қарсы тұру ғалым ретінде біздің міндетіміз.
Айнұр Тимерханов Татарстан Республикасы Ғылым академиясы президентінің орынбасары:
Туыстас елдердің әлеуеті зор. Гуманитарлық саладағы ынтымақтастық жоғары деңгейде. Енді жасыл энергетика, жасанды интеллект және дрондар жасап шығару секілді бірқатар салада жобалар жасауға әзірміз. Себебі бұл заман талабы. Ынтымақтастық орнату біз үшін қиын емес. Өйткені ортақ тарих пен тіл бұған әсер ететін бірден бір фактор.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 35 мемлекеттің қатарына енді
10.10.2026, 14:32
«Әділет» партиясы Алматыдағы жаңа экологиялық бастамаларды қолдады
09.10.2026, 22:15
Әлеуметтік қолдаудың жаңа мүмкіндіктері
09.10.2026, 21:30
Президент Каспий маңы елдерінің ғылыми әлеуетін біріктіруге шақырды
09.10.2026, 20:35
Театр көрермені көбейіп келеді
09.10.2026, 20:25
Қос марапат – ұлттық мәдениетті ұлықтаудың жаңа белесі
09.10.2026, 20:20
Орталық Азиядағы алғашқы кітап оқу марафоны
09.10.2026, 20:19
Әр азамат елдік мәселелерді талқылауға үлес қоса алады
09.10.2026, 20:18