Енді Қазақстанның көліктері Қытайдың теңіз порттарына дейін бара алады
Енді Қазақстанның жүк көліктері Қытайдың кез келген қаласына емін-еркін кіре алады. Мәжіліс бүгін екі ел арасындағы көлік бағытын дамыту жөніндегі келісімді мақұлдады. Бұдан алыс-беріс артып, жүк тасымалы 2-3 есеге ұлғаяды деген болжам бар. Қытай бұған дейін бірде-бір мемлекетпен мұндай келісімге қол қоймаған.
Айя Мүтәлі, тілші:Қазақстандық көліктер бұған дейін Қытай шекарасының айналасындағы аймақтарға ғана баратын. Одан артық өте алмайтын. Енді отандық жүк тасымалдаушылары Қытайдың кез келген қаласында кіре алады.
Кәсіпкерлердің порттан тауар алып, елімізге қысқа мерзімде жеткізуге мүмкіндік бар. Биылдың өзінде 200 мың көлікке осындай рұқсат берілмек.
Марат Қарабаев, ҚР Көлік министрі:Осы уақытқа дейін Қытай бірде бір елге осылай басқа елдің көліктерін өз елінің ішіне кіруге мүмкіндік бермеген. Бұл алғаш рет Қазақстанға жасалып отырған мүмкіндік. Және ол былтыр мемлекет басшысының Сиань қаласына жасалған іс-сапары шеңберінде қойылған келісім-шартқа сәйкес іске асырылып отыр.
Келісімнің тағы бір тиімділігі қағазбастылық азаяды. Бұдан былай электронды құжатпен қатынауға мүмкіндік берілмек. Әрі көліктің қайда және қалай жеткізілгенін онлайн бақылау қарастырылған. 30 күнге дейінгі визасыз режим де жүк тасымалдаушыларының жұмысын жеңілдетпек. Дегенмен, кеден бекетінде қатаң тексеруден өтеді.
Мұқаш Ескендіров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Amanat» фракциясының мүшесі:Мысалы, мен жүкті Қытай мемлекетіне, Шанхайға алып баратын болсам, мен алдын-ала базаға кіремін. Рұқсатын аламын. Шекараға келгенде екіжақты рұқсат қағаздарым уже электронды түрде болады.
Арадағы автокөлік логистикасын дамытуға Қазақстан да, Қытай да мүдделі. Тараптар тауар айналымын 40 млрд доллардан 100 млрд долларға жеткізуді көздейді. Бүгінде Қазақстаннан шикізат және ауыл шаруашылық өнімдері экспортталса, Қытайдан көптеген жабдықтар мен тауар түрлері келеді. Келісімдегі талаптар екі жаққа да бірдей. Сондықтан сарапшылар «Қазақстан нарығында қытайлық жүк көліктері қаптап кетеді» пікірді жоққа шығарды. Былтыр елімізден 120 мыңнан астам жүк көлігі өтсе, Қытайдан небәрі 6 мыңға жуық көлік кіргізілгенін айтып отыр.
Қуанышбек Садырбаев, сарапшы:Өткен аптада Қытайдың үш мәшинесі Қазақстан территориясымен транзитпен Ақтау құрығына дейін өтті. Порттан Әзербайжанға. Олар пилоттық жоба ретінде ұйымдастырылып жатыр. Олар енді әрі қарай жұмыс істей ма, жоқ па оны Қытай мемлекеті өзі біледі.
Айя Мүтәлі, тілші:Дегенмен, Қытай Транскаспий дәлізі арқылы Еуропа және ТМД елдерімен алыс-берісті арттырмақ. Осылайша, жүк тасымалдау уақытын 23 күннен 13 күнге дейін, яғни екі есе қысқартпақ. Екі жақты келісімді бүгін Мәжіліс депутаттары бірауыздан мақұлдады. Құжат Сенатқа жолданды.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақмолалық инспекторлар «Игі істер» акциясы аясында зейнеткерлерге көмектесті
12.09.2025, 10:23

Жетісу облысында жедел жәрдем көліктері табысталды
12.09.2025, 10:21
Мектептерде стоматологиялық кабинеттер ашыла бастады
12.09.2025, 10:20
Абай облысында денсаулық сақтау жобаларына 5,6 миллиард теңге бөлінді
12.09.2025, 10:19
Бірпалаталы Парламент құру үшін референдум өткізуді ұсыну – демократияның айқын көрінісі
12.09.2025, 10:15
Албания әлемде алғаш болып министр лауазымына ЖИ-ді тағайындады
12.09.2025, 10:14
Өзбекстанда кибершабуылдарға қарсы күрес күшейді
12.09.2025, 10:13
ІІМ интернет алаяқтары жиі қолданатын әдіс-тәсілдерді атады
12.09.2025, 10:12