Жылу электр орталықтары жоспардан тыс тексерілуі мүмкін
Енді жылу электр орталықтары жоспардан тыс тексерілуі мүмкін. Мәжіліс бүгін осы саладағы ірі кәсіпорындардың жауапкершілігін күшейтетін заң жобасын мақұлдап, Сенат қарауына жіберді. Бұған дейін жылу энергетикасына қатысты заң немесе оған жауапты бірыңғай уәкілетті орган болмаған. Соның кесірінен салаға бақылау жүргізілмей, қараусыз қалды, дейді депутаттар. Қазір жылу желілері мен қазандықтардың 53%-ы әбден тозған. Құжат мақұлданса, компанияларға заңмен қатаң талаптар қойылады және тариф мемлекет тарапынан реттеледі.
Еділ Жаңбыршин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:Халықтан түскен ақшаны олар өздеріне жөндеу жұмыстарына немесе модернизация жұмыстарына жүргізілуі керек. Егер олар белгіленген тарифтегі өздерінің шығындарын дұрыс пайдалана алмаса, жауапкершілік артылады және айыппұл салынады. Тарифті алдың ба, бекіттің бе, бұл жерде қаралған бүкіл жұмыстарды сен атқаруың керек. Атқармайсың ба, саған сұрақ қойылады.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Туған үш ағайынды бір әскери бөлімде борышын өтеуде
02.05.2026, 20:08
Қауіпсіздігі жоғары композиттік газ баллондары өндіріледі
02.05.2026, 20:07
Балық аулауға уақытша тыйым салынды
02.05.2026, 20:05
Нөсер жауыннан өзендер тасып, екі көпірді шайып кетті
02.05.2026, 20:05
Халықаралық келіссөз: Польшада ұсталған қазақстандық бостандыққа шықты
02.05.2026, 20:02
Қазақ тазысы 2035 жылы әлемдік деңгейде мойындалуы мүмкін
02.05.2026, 20:01
Павлодарда «Бірге еккен бір ағаш» экологиялық акциясы өтті
02.05.2026, 18:49
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні
01.05.2026, 20:41